Елена Андреевна Рыбакина

Елена Андреевна Рыбакина (1999 жылы 17 маусымда туған, Мәскеу, Ресей) — қазақстандық кәсіпқой теннисші. Бес жасынан бастап тенниспен айналысқан.

Елена Рыбакина
Елена Андреевна Рыбакина
Суреті
Жалпы мағлұмат
Туған күні

17 маусым 1999 (1999-06-17) (23 жас)

Туған жері

Мәскеу, Ресей

Азаматтығы

 Қазақстан (2018–)
 Ресей (2013–18)

Бойы

184 см

Мансабының басталуы

2016

Жұмыс қолы

оң

Бэкхенд

екіқолды

Бапкері

Стефано Вуков

Ақшалай сыйлық

6 113 511 $[1]

Жеке санат
Жеке нәтижелері

230–108[1]

Титулдары

3 WTA, 4 ITF

Үздік жеке позициясы

12 (17 қаңтар 2022)

Үлкен дулыға турнирлері
Аустралия

3-ші раунд (2020)

Франция

1/4 финал (2021)

Уимблдон

жеңіс (2022)

АҚШ

3-ші раунд (2021)

Жұп санат
Жұп нәтижелері

44–43[1]

Жұп атақтары

4 ITF

Үздік жұп позициясы

48 (18 қазан 2021)

Үлкен дулыға турнирлері
Аустралия

2-ші раунд (2020)

Франция

1/4 финал (2021)

Уимблдон

1-ші раунд (2021)

АҚШ

1-ші раунд (2019)

Марапаттары мен медальдары
Достық ордені
Соңғы жаңартулар: 2022 жылғы 18 шілде

2022 жылы Елена Уимблдондонда жеңіске жетіп, Үлкен дулыға турнирлерінің бірін бағындыра алған алғашқы қазақстандық теннисші болды.

Карьерасы

2013 жылы қараша айында Всеволожскіде өткен жасөспірімдер тунниріне қатысты. Квалификациядан өтті де, бірінші айналымда Вера Лапкоға есе жііберді.

2014 жылдың наурызында ол Альметьевскідегі турнирде жеңімпаз болды; мамырда ол Түркияда жасөспірімдер арасындағы екі турнирде тұсаукере кездесулерін өткізді (Enka ITF Junior Cup, Nazmi Bari Cup 2014), ал маусым айында Мәскеуде өткен Озеров кубогында ол финалда Блинковадан ғана ұтылды - 1:6, 2:6. Қараша айында Новокузнецк қаласында өткен Siberian Open турнирінде ол жекелей жеңімпаз және жұптық финалист болды.

2015 жылы Озеров кубогында Рыбакина алтын алқадан дубль жасап, жекелей де, жұптық та сында жеңіске жетті. Сол жылдың қыркүйегінде ол Grand Slam турнирінде дебют жасады; жекелей сында екі жеңіске жетті, үшінші кездесуде венгриялық Фанни Соллардан ұтылды.

2016 жылдың ақпанында ол Қазанда Ельцин кубогында, наурызда - Хорватияда өткен турнирде, қыркүйекте Канаданың жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионатында жұптық ойындарда жеңімпаз атанды.

2018 жылдан бастап Қазақстан атынан сынға түсіп жүр. 2019 жылдың шілдесінде Рыбакина теннистен Бухарест ашық чемпионатына қатысты, онда ол WTA бойынша бірінші титулын жеңіп алды. Финалда румындық Патрисия Мария Цигпен кездесті, турнирдің қожайыны матчта тек екі ойынға қатыса алды. Қорытынды есеп 6:2, 6:0. Елена бүкіл турнирде бірде-бір ұтылған жоқ. АҚШ ашық чемпионатында бірінші айналымда чехиялық Каролина Муховадан екі сетте ұтылды.

2020 жылдың күнтізбесінің басында Елена Рыбакина Шэньчжэньдегі турнирде ресейлік Екатерина Александровадан екі сетте жеңілді.

2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, төртінші орын алды, жүлдеге іліне алмады.

2022 жылы әйелдер арасындағы Уимблдон жарысының жеңімпазы атанды. Финалда ол үш сетте әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді.[2]

WTA рейтингісінде

ЖылЖеке рейтингЖұптасқан рейтинг
20211449
202019362
201937516
2018191484
2017425682
20166161 166

Дереккөздер

Сілтемелер